Еркектен әйелге айналды

Oinet.kz 30-05-2019 1025

58526b422a6ed.jpg

           Америкалық Аманда Лепор әлемдегі денесіне ең көп және қырауар қаражатқа ота жасатқан адам. Қазір оның жасы 46-да. Аманда бір кездері Арманд еді, яғни жынысы еркек болған. Жынысын алмастыруға деген ниеті оған 11 жасында –ақ келген екен. «Мен мектепте бойы ең аласа әрі нәзік болатынмын. Кірпіктерім мен тырнақтарым ұзын болды. Мұғалімдер мені шатастырып «ұлсың ба, өзі қызсың ба?» деп үнемі сұрайтын. Айналамның барлығы мені қызға теңей берген соң жынысымды ауыстырғым келді. Еркектен қызға айналу процесі қыздың киімін киіп, косметика қолданудан басталды »,- дейді ол.  Он бес жасында Арманд гормоналдық таблеткаларды іше бастайды. Оның дене бітімінің өзгеріп келе жатқанын алғаш ата-анасы байқап оны психиатрға дейін көрсетті. Алайда Армандттың арманы бәрібір жеңіп шығып, 17 жасында алғашқы отасын жасатты. Осы уақытқа дейін мұрнына, көзіне, маңдайына, ерніне бірнеше рет ота жасатқан. Көкірегін де ұлғайтудан алдына жан салмаған. Әлемде Амандадай жынысын өзгерту үшін бірнеше рет пышаққа түскен жан әзірге жоқ.   

Screenshot_1.jpg

Тірідей мумияға айналып бара жатқан қыз
Кәрілікті жеңген Аннет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу