Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Аннет Ларкинс — «кәрілікті жеңген жандар» деген әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Өзінің 73 жасында Аннет өте келбетті де көрнекті көрінеді. Достары оған 30 жас берсе де жарасады. Өйткені сымбатты тұлғасы, тартымды терісі, қолаң шашы, ең бастысы өзін-өзі сезінуі өте керемет. Аннет мұндай табиғи сұлулыққа оңай қол жеткізген жоқ. Ол жас кезінде ет сатушының әйелі болған. Екі күннің бірінде ет жейтін болғасын, белгілі бір уақыттан кейін бұл тағамнан мүлде бас тартады. Одан кейін ұн, қант, сүт жұмыртқа секілді тағамдарды да өзінің ас мәзірінен алып тастайды. Ал 9 жыл өткесін вегетарианшыл Ларкинс шикідей тамақтануға кіріседі. Ауласына түрлі жеміс-жидек пен көкөністер өсіріп, ешқандай химиялық зиянды заттар қоспай тұтынған. Аннет Ларкинстай кәрілікті жеңіп, әрдайым жас әрі сұлу көрінгіңіз келсе, салауатты өмір салтын ұстанып, уақытымен дұрыс тамақтаныңыз. Ол сұлулығын сақтау кез келген жастағы жанның қолынан келетінін дәлелдеді.
Мұрағаттан, 2015 ж