Тірідей мумияға айналып бара жатқан қыз

Oinet.kz 30-05-2019 1052

auto_04-581.jpg

      Венесуэллада өмір сүретін 13 жасар қыздың тағдыры әлемге әйгілі болса да оның есімі құпия сақталып келеді. Аяқ астынан жазым болған қыз өзінің сирек кездесетін жаман ауруымен елдің жанашырлығын әрі қорқынышын тудырды. Аяғын абайсызда ауыртып алған оған дәрігерлер рабдомиолиз деген диагноз қойған. Ең өкініштісі оның денесі жылдан-жылға қарайып  барады. Деректер бойынша  оны улы жылан шағып алған кезде құлап аяғын майыстырып алған екен. Жақындары оны дәрігерге қаратудың жөні жоқ деп үй жағдайында халық емін жасаған. 

Screenshot_6.jpg

Арада күндер өткесін қыздың аяғы қарайып, іріңдей бастаған соң ғана ата-анасы қызды емханаға көрсеткен. Жасөспірімнің аяғын көргенде дәрігерлердің өзі шошып кетеді. Қарайған, іріңдеген денені жазу үшін олар қолдан келер көмектерін аянып қалмағанымен қыздың жағдайы түзеле қоймаған. Ақ халаттылардың айтуынша қыздың денесіне жайылған у оның денесін бірте-бірте мумияға айналдыруда. Яғни оның қарайған денесі қалпына келмей, жүйке жүйесі де сыр береді.  Алдағы кезде  қызды ауыр оталар күтіп тұр. Оталар сәтті шықпаған жағдайда қыз тірі өлікке айналуы мүмкін. 

Мұрағаттан, 2015 ж

Гитлер салған суреттер 400 мың еуроға сатылды
Еркектен әйелге айналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу