Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Гитлердің биографтарының жазуынша, саясатқа келмес бұрын Адольф Гитлер суретші болуды армандаған екен. 1900 жылдары болашақ диктатор екі рет Вена бейнелеу өнері академиясына түспек болған. Тарих болашақ көсемнің қылқаламынан шыққан көптеген суреттерді сақтап қалды.
...Кішкене лирикалық шегініс. Келіні атасынан «Ата, аяғыңыз неге осынша үлкен?» деп сұрапты. Атасы «бала күнімізде көп жалаң аяқ жүргенбіз, сондықтан аяғымыз өсіп кеткен» деп жауап қайырыпты. Сонда әлгі шалдың кемпірі: «Әй, сорлы-ай, жалаңаяқ жүре бергенше, жалаң бұт жүрмедің бе?» деген екен... Иә, тарих пен тағдыр өз таңдауын жасауда адам мен қоғамның ыңғайы мен мүддесін ескере бермейді. Осылай Вена академиясына түсе алмаған Гитлер ұлтшыл-социалистік партияның негізін құрды. Осы партияның лидері ретінде Германияның басшысы лауазымына келіп, Екінші Дүниежүзілік соғысты бастады. Бұл соғыс адамзат тарихындағы ең халық көп қырылған соғыс болды.
Әлгі суреттерге оралайық. Нюрнбергте өткен аукционда Бавариядағы «Нойшванштайн сарайы» бейнеленген сурет 100 мың еуроға сатылды. Аукцион ұйымдастырушыларының мәлімдеуінше, бұл сурет қытайлық азаматқа бұйырыпты. Ал қалампыр гүл бейнеленген сурет 72 мың еуроға сатылған. Бұдан екі күн бұрын өткен аукционда Гитлердың қылқаламынан шыққан суреттер 400 мың еуроға сатылды. Гитлердің туындылары саудаға бірінші рет түсіп отырған жоқ. Өткен жылғы аукционда қанішер диктатордың суреттері 129 мың еуроға сатылған болатын.
Бейнелеу өнерінің мамандары Гитлерді айтарлықтай күшті суретші деп санамайды. Адольф Гитлер 3000-ға жуық сурет салған екен. Осыған қарағанда алдағы уақытта да диктатордың суреттері аукциондарға қойылуы мүмкін. «Frankfurter Allgemeine Zeitung» газетінің жазуынша, заң бойынша Гитлердің суреттерін сатуға рұқсат берілген, тек картинада ұлтшылдық символдар болмауы керек.
Ұзақ жылдардан бері Австрияның Браунау қалашығында Гитлер туылған үйдің тағдыры шешілмей келеді. 1978 жылдан бері Австрия Ішкі істер министрлігі ұлтшылдардың қарамағына өтіп кетпесін деп, бұл үйді жалға алып келеді. Франция мен Италиядан келіп, осы үйді тәу етушілердің қатары да көбейген. Ал Ресей Думасының депутаттары Гитлер туылған үйді иесінен сатып алып, жарып жіберуді ұсынып отыр. Ал үйдің иесі Герлинда Поммер ханым жарып жіберу былай тұрсын, үйді реконструкция жасауға рұрсат бермей келеді. Ал Гитлердің «Майн камф» атты кітабы мен оның неонацистерге көрсетіп отырған ықпалы өз алдына зерттеуді қажет етеді. Гитлердің өлгеніне 70 жыл өтсе де фашистік идеология бой бермей келеді.