Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Австралияның Потсвилл жағажайында жүрек жұтқан жігіт жыртқыш балық акуланы жалаңаш қолмен ұстап алды. Макс Маггеридж балықты аулау барысында ешқандай құрыл-сайманды қолданбаған. Құрыққа түскен «жолбарыс акуланың» ұзындығы 4 метрді құрайды. 19 жасар жігіттің айтуына қарағанда жыртқышты ұстау оңайға соқпапты. Оның қолдарының көгермеген, жараланбаған жері қалмаған көрінеді. Акула мен адамның айқасы бақандай үш сағатқа созылған. Бір қызығы Макс рекордтар кітабына ену үшін акуланың ұзындығын өлшеудің орнына оның өмірін сақтап қалып теңізге қайта жібере салыпты. «Мен үшін әрбір тіршілік иесінің өмірі қайдағы бір рекорттан да қымбат» дейді ол. Макс әдетте жорыққа достарымен шығатын көрінеді. Бұл жолы ол теңіз жағсына сүйген қызымен шыққан. Макстың сүйіктісі акуланы аулау барысында суретке түсіруден басқа көмек бере алмаған. Бір айта кетерлігі «жолбарыс акуласы» адам өмірі үшін ең қауіпті акулалардың бірі.