Бұл әлемнен оқшауланған қала

Oinet.kz 28-05-2019 1342

Posledniy-imperator-ili.jpg

Жер шарында бүгінде тарихтың тірі куәсі болып қалған тарихи орындар, қалалар баршылық. Солардың бірі Қытайдағы әлемге белгілі  оқшауланған қаланың құрылысы сонау алтыншы, жетінші ғасырларда басталған. Аумағы 720 мың шаршы шақырымды құрайтын қаланы тұрғызу үшін 200 мыңдай жұмысшылар тартылған. Олар шаһарды 14 жыл бойы тұрғызған. Құрылыс материалдар аспан асты елінің түкпір-түкпірінен жеткізілген. Барлық үйлер тек табиғи, таза ағаштан соғылған. Өрттен сақтану үшін әр үйдің төбесінде су толтырылған үлкен бөшке қойылған.  Бұл жабық қалада патша отбасымен және қызметшілерімен, күзетшілерімен өмір сүрген. Он сегізінші ғасырда көпшілікке беймәлім қалада 9 мың адам  тіршілік еткен екен. Қаланың өз заңдары болды. Біріншіден, патшаның рұқсатынсыз қаладан бірде-бір адам сыртқа шықпайды және кірмейді. Патша сарайында жүрген барлық әйел атаулылары  20 сантиметр биік өкшелі аяқ киім киіп жүрулері тиіс екен. Құпияға толы қаланың соңғы билеушісі Пу есімді патша болған. 

Screenshot_1.jpg

Шаяндар да ысқырады
Әлемдегі ең ерекше ғибадатхана қай елде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу