Психологиялық тест: «Шөлмектің бірін таңдаңыз»
1. Бірінші шөлмек. Алдағы уақытта өміріңізде орын алған келеңсіздіктер өз түйінін табады. Күндеріңіз және апталарыңыз көңілді сәттерге толы болғалы тұр. Әрбір істі уақытылы атқаруға тырысыңыз. Армандарыңыздың орындалу жолына білек сыбана кірісіңіз. Өзіңізге және өміріңізге сеніңіз.Соңында барлық іс бір арнаға түседі. Демек, сіздің мақсаттарыңыздың орындалуына аз қалды деген сөз.
2. Екінші шөлмек. Уақыты келді. Кезінде жоғалтқан дүниелеріңіздің өтемін алатын сәт туды. Тынбай, талмай еңбектеніңіз. Уақытылы демалыс алуды да ұмытып кетпеңіз. Бастысы өзіңізге көңіл өліңіз. Уақытым жоқ, ақшам жоқ, жұмыстан қолым босамайды деген сылтауларды тастаңыз. Бір сәтке алыс аймаққа, теңіз жағалауына барып тынығыңыз. Алдағы өміріңізіге жоспар құрыңыз. Сізге өзгеріс қажет..! Ұмтылыңыз. Сіз мықты адамсыз!..
3. Үшінші шөлмек. Өмір - мектеп. Әрекет етуді және сеніміңізді жоғалтпаңыз. Өміріңізге келіп кеткен адамдар, әрбір оқиғалар сізге сабақ болсын. Оның бәрі сынақ екенін ұмытпаңыз. Мұндай сәтте бастысы сабырыңызды жоғалтпаңыз. Алдағы уақытта сізді үлкен олжа күтіп тұр. Ол үшін үнсіз ғана, өзгелердің жағымсыз сөзін құлаққа ілмей әрекет ете беріңіз!