Ұлы тұлғалардың оғаш әрекеттері
19-01-2023
Швейцарияда мектеп мұғалімінің жылдық табысы 33 мың доллар шамасында.
Әйелдердің 90 пайызы универмагқа немесе сауда үйіне кірер сәтте бірден оң жаққа бұрылады екен.
Америкалықтар балалар тағамынан гөрі мысықтың тамағына ақшаны көп жұмсайтын көрінеді.
Біздің өмір бойы жеген тамағымыздың салмағы 27 тонна болады екен, ал бұл 7 пілдің салмағына тең.
Әлемде әрбір үшінші секундта дүниеге сәби келеді.
Өтірік айтып тұрған адамдардың көзі көбінесе жоғары-төмен қарайды екен.
Кубада жаңбыр тек түскі уақытта, ал Тайландта тек түнде жауады екен.
«Жезді мұрт» Сталиннің бойының ұзындығы — 160 сантиметр болды. Сондықтан фотографтар оны көп жағдайда төменнен жоғары қарай түсірген. Сталиннің бір қолы екіншісінен сәл қысқалау болған. Осыған байланысты көп жағдайда ол бір қолын қалтасына салып немесе сигарет тартып тұратын болған. Сталин ғана емес, көптеген танымал тұлғалардың бойында осындай дене кемшіліктері болған. Мысалы, Бірінші Петрдің басының домалақ пішіні өте кішкентай болған. Ал Наполенның бойының ұзындығы -150 сантиметр ғана.
Бразилияда өткен әлем чемпионаты қымбат турнирлердің бірі болды. Оған 30 миллиард доллардай қаржы жұмсалған. Ал соңғы әлем чемпионатына Франция – 40 млн, Жапония – Оңтүстік Корея – 5 млрд, Германия – 6 млрд, Оңтүстік Африка – 4 миллиарда доллар жұмсаған.
Әлемдегі ең жылдам жүгіретін футболшылардың бірі – португалдық Криштиану Роналду. Ол сағатына 39,2 шақырым жүгіре алады.
Жирафтың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі.
Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.
Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/секунд.
Әлемдегі 23 ұлт жылқыны киелі жануар деп есептейді. Соның бірі – қазақ халқы.