Дон Жуан комплексі деген не?

Oinet.kz 22-09-2020 873

Дон Жуан – қылмыстық  тарихи персонаж. Махаббат сезіміне тұрақсыздығымен көптеген аңызға арқау болған. Қыз бен жігітке ортақ тұрақты қатынас құру барысында Дон Жуан комплексі бар ер адам ылғи ізденіс үстінде болады. Ұнату, ұнауға тырысу. Ортақ түсінік орын алғанда жігіт екінші жартысын іздеу сапарын әрі қарай жалғастыруға бекінеді. Ойында тұрақ жоқ бұл типтегі жігітті түсіну аса ауыр. Бірақ, оның жанына бір нәрсенің жетпей тұрғанын аңғару қиын емес. Мысалы, Дон Жуан комплексі мейірімді өз бойынан емес, өзгенің бойынан іздеуші тәуелді сезімнен туындайды. 

image.png

Тәуелділік –  балалық шағында махаббатқа бөленбеген адамның есейгендегі ерекшелігі (ата-аналар үнемі бос емес, ауырған, ішкен). Кейде мейірімге көп бөленген, ата-анасы бақылауда ұстаған балалар есейгенде сыртқы ортаға тәуелді болып тұрады. 

Өзара тәуелді адамдарда серіктеске деген шынайы нәзіктік пен жылы сезімдерді білдіруде  мәселе туындайды. Дон Жуан комплексі бар адам өзіне сендіру, өзін қалай көрсету керек, осы адамға келгенде әлсіз екенін сезіндіруде ерек қабілетке ие. Сондықтан да бұл типтегі ер адамдар қатынасты үзуге еш қиналмайды. Соңғы таңдауы өзіне түскеніне сендірген адамын оңай-ақ ұмытады.

image.png  

Әдетте адам эмоционалды және интеллектуалды жүйемен басқарылады.  Дон Жуан комплексі бар адам сезімді ойдан ажыратып қарамайды. Барлық шешімін  эмоция әсерінен қабылдайды.  Импульсивті, жақсы-жаман сезімдерде өмір сүретін бала сияқты, ләззат бар-рахат жоқ деп қатынас барометрін өлшейді. Толыққанды адам екінші жартысының жанына үңілуге ұмтылады. Дон Жуан өзін "Мен" кеңістігінде ғана елестете алады, "Біз" кеңістігі оған түсініксіз және қауіпті болып көрінеді.

Егер сіз әлі де Дон жуанмен қарым-қатынасты сақтауды шешсеңіз, оның ата-анасы жасамаған нәрсені жасауыңыз керек. Яғни, мінсіз ана болу: әлемді зерттеуге деген ұмтылысты шектемей, мадақтау, қабылдау, қамқорлық жасау. Рухани жараның орнында құнарлы топырақ жасаңыз, содан кейін бақ гүлдейді. 

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Психологиялық тест: Сақинаны қай саусаққа тағасыз?
Қыздарға арналған ерекше есімдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу