Бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамал

Oinet.kz 17-08-2020 1470

Тоқты. Күннің бірінші жартысында іскерлік қабілетіңді арттырғаның жөн. Бастаған ісіңді уақытысында аяқтауға тырыс.

image.png

Торпақ. Өз-өзіңе сенімділік пен іске құлшына араласу кез келген қиын істердің шешімі болмақ. Дәл осы қағиданы қолданған торпақтар әрдайым алдыңғы қатарда болады.

Егіздер. Көптен бері қол жетпестей көрінген арманың аяқ астынан орындалып, мақсатыңа жеткендей болып, өзіңді өте бақытты сезінесің.

Шаян. Күннің соңына қарай уақытың жеткілікті болғандықтан, көңілің қалаған іспен шұғылданасың.Махаббат жайлы шығармалар оқуға құлшынысың арта түседі.

Арыстан. Бұл кезде арыстандардың айы оңынан туады, алда оларды сәттіліктер күтіп тұр. Үйде де бәріне үлгеріп, үлкендерге көмек көрсетуге асығасың.

Бикеш. Ертеңгі күн саған үлкен табыс әкеледі. Дос-жарандарыңның арасында мерейің арта түспек. Ойлаған жоспарларыңның барлығы дерлік шешемін табады.

Таразы. Жұлдыз болжамына қарағанда,бұл күн таразылар үшін өте көңілді өтеді. Күннің басында алыстағы туған-туыстардан жақсы хабар аласың.

Сарышаян. Сенің бедел, танымалдығың өсіп, өз ортаңда абыройың асқақтайды. Ең жақын досыңның адалдығына көз жеткізесің. Көптен ойлап жүрген ісің жүзеге асады.

Мерген. Бұл күні көптен күтіп жүрген қуанышқа бөленесің. Өзіңнің ашық мінезіңмен айналаңдағы адамдарды баурап аласың. Жақындарыңнан сыйлық алып қуанасың.

Тауешкі. Бұл күнде жұмыс істеу қабілетің артып, өз күшіңе деген сенімділігің артады. Бос уақытыңда ата-анаңа көмектесіп, олардың ризашылығына бөленесің.

Суқұйғыш. Көптен бері айналыспай кеткен ісіңді қайтадан қолға алып, бос уақытыңды соған жұмсайсың.Күннің аяғында жол жүруің мүмкін.

Балықтар. Қолға алған ісіңді аяғына дейін жеткізе біл. Әр бір іске жауапкершілікпен қараған жөн. Күннің соңында білім-білігіңді жетілдіруге арнауға болады. Сүйгеніңмен бірге кешкі отырыстарға баруыңыз мүмкін.

Қолыңызды айқастырғанда қайсысы үстінде тұр?
Психологиялық тест: «Ағаштағы орныңыз қайсы?»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу