Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған табиғат көріністерінің бірін таңдаңыз!»

Oinet.kz 11-08-2020 3415

1. Түстердің басымдылығы, бірінші бағдарға құс алынған. Ағаштың діңі көлбеу.

Бұл фотосуретті екі түрге бөлуге болады. Бірінші бөлігі ашық аспан, сіздегі жайдарлылықты көрсетеді. Екінші бөлігі, гүлді, өсімдікке көмкерілген тұсы сіздегі сұлулықты, әсемдікті бейнелейді. 

Көлбеу орналасқан ағаш - жақсы психологиялық нышан болып саналады. Бұл тұрақтылық емес, керісінше өзгеруге бейім келеді. Мұнда тіршілік бар және ол сіздің ішкі көңіл-күйіңізді көрсетеді. Сіз өмірде орын алатын түрлі жағдайларға бейімделе алатын, қайсар, батыл жансыз. Сондай-ақ, үнемі өзіңізді жетілдіріп отыруға бейім жансыз. Сіздің мінез-құлқыңыз эмоционалды шеңберіңізге сәйкес келеді.  

image.png

2. Ақ-қара кескін. Қанатын кеңге жайып ұшқан құстар мен қарлы пейзаж. 

Көрсетілген пейзажды екіге бөіліп қарастыруға болады. Жоғарғы бөлігі ақылдылықты бейнелесе, төменгі, қарлы бөлігі сіздегі ерекше эмоцияны білдіреді. 

Басқа суреттерден айырмашылығы, бұл жерде өсімдік мүлде жоқ. Аппақ қар басты элемент болып саналады. Себебі, қар психологияда ең жақсы нышан: ол анықталған пішіні жоқ, аппақ кіршіксіз көңілді білдіреді. Демек, сіздің мінезіңіздің көркемдігі пейзажда көрсетілген ақ мамықтай қармен тікеле байланысты. Өмірлік тәжірибеңіз сізді өзіңізге деген сенімділікке үйретті. Алайда, басыңыздан өткен қайғы-қасірт махаббат пен достыққа деген сенімсіздікке алып келді. Сондықтан, өзіңізден бөлек өзге адамдарға да сенім артуды үйренгеніңіз абзал. Себебі, жақын адамыңызға деген сенімсіздік қарым-қатынастарыңызды құрдымға жіберуі мүмкін.

Сіз бәрін өз бақылауыңызда ұстағанды ұнатасыз. Мойныңызға алған әрбір іске ұқыптылықпен қарайтын мінезіңіз өзгелерге өте қатты ұнайды. Сіз ақылды әрі көрікті жансыз. 

3. Нағыз сарғайған сары күздің бейнесі. 

Сарғыш түс жылы реңк болғандықтан сіздің мінезіңіздегі тұрақтылықты, жылылықты, мейірімділікті бейнелейді.  Күнделікті таңдауыңызда ұзақ ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет кескенді ұнатасыз. Белгілі бір әрекетті жасамас бұрын өзіңізден "не істеген дұрыс" деп сұрайсыз. Алайда, бұл әрекетіңіз өз қалауыңызға қайшы келуі мүмкін. Өзіңізді төмен бағалауыңыз таңдауыңыз туралы тым көп ойлануға алып келеді. Лажы болса өзіңізді еркін ұстауға, босаңсытуға тырысыңыз. Ойларыңызға еркіндік беріңіз. 

Жылы реңктер жақсы мінезге ие екендігіңізді көрсетеді. Өткен өміріңізде орын алған қиындықтарға қарамастан үнемі позитивті болуға тырысасыз. Сонымен қатар, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алуға тырысасыз. Сізді ұстап тұрған бір ғана нәрсе, ойыңызды еркіндікке жібермеуіңізде. 

4. Жасыл түстер басым бейнеленгендіктен нақтылықты білдіреді.

Сіз өмірге өте позитивті қарайсыз, оптимист әрі әрбір істе көшбасшы болғанды ұнатасыз. Өзіңізге деген сенімділік сізді біршама жетістіктерге жетелеуі мүмкін. Осы бетіңізден таймағаныңыз жөн. Өз эмоцияңызды бірінші орынға қойғандықтан кез келген істе алға қадам басу бар. Сіз өте икемді, пысық, сенімді, қарапайым жансыз. Көпшілікпен араласуыңыз тез болғандықтан, айналаңыздағылар сіздің осы мінезіңізді ерекше құрметтейді. 

Баспанасыз қаңғыбас қалайша патша болды?
Ақсүйек адам қалайша маньяк болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу