Баспанасыз қаңғыбас қалайша патша болды?

Oinet.kz 12-08-2020 1006

Әлем-адамзаттың ортақ тұрағы. Дегенмен баспанасыз жандар жетіп-артылады. Бразилиялық Марсио Мицаель Матолитас та 24 жыл бұрын баспанасыздар статистикасының бөлшегі еді. Бүгінде 46 жасар азамат туристердің «сүйіктісіне» айналған танымал адам. 

image.png

Ол өзінің құмды қамалын Рио-де-Жанейро қаласындағы Барра-да-Тижука жағажайында тұрғызған. Жергілікті тұрғындар Марсиоға оғаш адам ретінде қарамайды. Туристердің барлығы дерлік Марсионың құм қамалының алдында суретке түскенге әуес. 

image.png

Марсио күнкөрісін балық аулаумен қамтып отыр. Бостан адам ешқашан басы артық дүние-мүлік жинағысы келмейді. Ол пәтер жалдауға ақшасының жоқтығын бақытты адам ретінде сезінуге кедергі деп санамайды. Мұхит жағасындағы құм қамалының астын үңгіп өзіне бөлме дайындаған. Құм көшпесі үшін бөлме аумағын ағашпен қоршап нығайтып қойған. Құм бойында ыстықты ұзақ сақтайтындықтан бөлме кейде тым қызып кетеді. Соған қарамастан көптеген адамдар осындай үйде тұруды армандайды. Марсио бөлме температурасы жоғары кезде достарына барып түнейді. Қызығы, қанша оғаш көрінсе де оның достары өте көп. Себебі, ол – жанашыр әрі мейірімді. 

image.png

Күндіз балықшы болған Марсио кешке мүлде бөлек кейіпке енеді. Тәжін киіп, туристермен бірге қамалында суретке түседі. Қамалдың ішкі бөлігін көру тек ақылы. Марсио бос уақытында туристер сыйлаған кітаптарды оқиды. Марсио күнде қамалдың сұлулығына сүйсініп, көңіліне жақпаған мұнараны жаңалап отырады. 

image.png

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Назгүл Беспаева, психолог: Қандай жағдай болмасын, адам өз пікірін жоғалтып алмауы керек
Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған табиғат көріністерінің бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу