Мысықтың қарғайтыны рас па?

Oinet.kz 23-07-2020 3456

Әлі күнге дейін адамның алдын қара мысық кесіп өтсе жолы болмайды деген сенім жұрт арасында жиі айтылады. Бала кезімізде жазылмаған заңдылықты біз де берік ұстанатын­быз. Жол бойында келе жатып алдымыздан мы­сық шыға қалса, тезірек алдын орап өтуге тырысатын едік. Бір қызығы, бұл үй жануары да жол бермей, көздеген траекториясымен зулай өтіп, жағымсыз ырымды ойға оралтатын.

Коронавирусқа төтеп бере алмайтын үй жануары аталды - Қазақстан ...

Бізге мысыққа тас лақтырып, жолдың сәтсіз тұсынан басқа біреудің өткенін күтуден басқа шара қалмайтын еді. Алайда, жұрт имандай сенетін бұл ырымның қашан және не себепті пайда болғанын білетін адам кемде-кем.

Қара мысық туралы сөз қозғалса алдымен мысырлықтар ойға оралатыны белгілі. Өйткені олар мысықтың қарасы Бастет – әйел құдайы деп санаған. Деректі фильмдерден басы мысыққа ұқсайтын әйел адамның мүсіндерін, тасқа қашалған бейнелерін оңай байқауға болады. Ол махаббаттың, ұрпақ жалғасының, сұлулықтың символы ретінде қаралғандықтан бұл тұста қара мысықтың да беделі биік болды. Өзін асыраушылардың ас-ауқатын тышқандардан құтқарып, аштықтан аман алып қалғаны өз алдына бөлек әңгіме. Қазіргі өркениетті елдер сол заманда мысыққа аңшылығы үшін құмартқан екен. Бірақ қожайындары оны киелі санап сатуға қимағасын, ұрлық есебінен жер жүзіне тараған.

Қандай биіктіктен құласа да төрт аяқтап түсетін тіршілік иесінің қара түстісін жақтырмайтындар жетерлік. Алайда жақында ағылшын ғалымдары оның артықшылығы мен емдік қасиеттерін анықтаған. Мәселен, ол адам денесінің сырқат тұсын тауып, үстіне жатады. Оның ішкі ауруды дөп басатын қасиетінен бөлек, сырқаттың көптеген түрін пырылдап демалу арқылы емдейді екен. Зерттеушілердің айтуынша, мысық сынған сүйектің тезірек қалпына келуіне, жүйке жүйесін, жүрек қан-тамыр ауруларын, гастритті емдеуге көп көмектеседі. Оны үйде ұстаған адамның араққұмарлық пен нашақорлыққа деген тәуелділігі төмендейді деген де тұжырым бар.

Ислам дінінде Пайғамбар (с.ғ.с) мысықты жақсы көріп, арқасынан сипағаны туралы естіген боларсыз. Себебі ол айналасын таза ұстайтын санаулы жануардың бірі. Мешітке кіруге рұқсат берілгендігі де содан болса керек. Анас ибн Маликтен біреу мысық жайында сұрағанда, ол былай деген екен: «Бірде Алла елшісімен (с.ғ.с) бірге Бухтани жеріне жолға шықтым. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маған дәрет алатын су дайындауымды тапсырды. Алайда ол келгенде дәрет суы құйылған ыдыстан бір мысық су ішіп жатты. Ардақты елші (с.ғ.с) болса, мысықтың шөлі қанғанша күтіп тұрды. Сонда мен суды жаңартайын дегенімде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ей Анас, мысық деген таза жануар және ешқашан ештеңені кір қылмайды», – деп жауап берді».

Қара мысықтың қарғысы жаман болады дегенді күнделікті өмірде көп естиміз. Оның себебін білу үшін мысықтың әлемге тарала бастаған кезіне қайта оралу керек. Мысырдан ұрланып, әлемнің өзге елдеріне таралып үлгерген уақытта, әртүрлі діндер пайда болып, ол «құдірет иесі» деген аттан арыла бастады. Үй мысықтары да діни тыйымдардың себебінен беделін жоғалтты. Адамдар елеусіз жан­уар ретінде қарап, еш қиындықсыз өлтіре салатын болған. Арада біраз жылдар өткеннен кейін тұрғын үйлер мен қоймаларда тышқандар саны күрт өсіп, азық түлік пен тұрмыстық заттарды жарамсыз етеді. Ішерге ас таппаған жұртшылық өз қатесін түсініп, осыдан кейін мысықтың қарғысы туралы мистика пайда болады. Яғни, халық санасында мысыққа қиындық көрсеткендер оның зұлым қарғысына ұшырайды деген сенім қалыптасып, бүгінгі күнге жеткен. Осы тұста Пайғамбардың (с.ғ.с): «Егер сендердің жануарларға жасаған қиянаттарың кешірілсе, онда көп күнәдан арылатын едіңдер», – деген хадисі көп нәрсені ұғындыратыны анық.

Көздері басқа жануарлардан ерекше жаратылған мысықты кейбір адамдар тылсымға толы әлем мен осы дүние арасында байланыс орнатушы екен деп сенеді. Әсіресе қара мысық қарғағанда оның тілегі келесі әлем арқылы жүзеге асады дейтіндер де бар. Содан да болар орыстар жаңа үйге көшкенде жындардан тазалау үшін алдымен мысықты кіргізіп жібереді екен. Соған қарағанда жұрт бұл сарындағы әңгімеге бекер сенбесе керек. Әйтсе де біз үшін мысық Жаратушының таңғажайып жаратылысы ғана.

Біреудің сізге өтірік айтқанын осылай білуге болады екен
Түсіңізде ақша көрсеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу