Асхат Аймағамбетов шын мәнінде кім?

Oinet.kz 22-07-2020 7099

Қазіргі таңда халықтың ерекше ықыласына ие болып жүрген министр Асхат Аймағамбетов туралы не білесіз? Оның отбасылық өмірі, еңбек жолы, білімі туралы барша ақпараттырды сіздермен бөлісеміз.

askhat-aymagambetov-mon-rk-3-750x641.jpg

Білімі  

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусым күні Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды "Болашақ" білім беру институтының заң факультетін, "саяси ғылымдар" мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастайды. 

2004–2005 - "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы;

2005–2006 - "Медиа СП" ЖШС директоры;

2006–2012 - Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;

2012–2014 - Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметі;

2014-2017 - Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы;

2017 жылы - ҚР білім жəне ғылым вице-министрі болып тағайындалды;

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

2019 жылдың 13 маусымында ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

Әкім орынбасары ретінде Аймағамбетов ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелерімен айналысқан.

Ал білім вице-министрі қызметін атқарған кезде БАҚ-пен және желі қолданушыларымен байланыс орнатып, ҰБТ-ны өткізу барысын түсіндірген.

Отбасылық жағдайы

469182_4957097881504_275346023_o.jpg

Жалпы, Аймағамбетовтың отбасылық жағдайын жасырын ұстайды. Отбасылық жағдайы туралы ашық дерек көздерде ештене берілген емес. Алайда министрдің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында "үйленген" деп жазылған. Баласымен түскен суретін де жариялаған. 

Ертегі үшін баласының тағдырын ойран еткен әке
20 - 26 шілдеге арналған жұлдызнама
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу