Ертегі үшін баласының тағдырын ойран еткен әке
Алан Милннің «Винни-Пух» кітабы Methuen & Co баспасынан алғаш рет 1926 жылы 16 қазанда жарық көрді. Балаларға арналған туынды ел көңілінен шығып, кеңінен тарады. Винни-Пух ертегісінің басты кейіпкері Кристофер Робиннің прототипі автордың туған ұлы.
Кристофер өз естелігінде былай дейді: «Менің өмірімді екі нәрсе қапаландыратындықтан ол туралы ойламауға ұмтылдым. Оның бірі – әкемнің атағы, екіншісі- Кристофер Робин».
Кристофор өмірге келмес бұрын Милн жанұясы дүниеге қыз келеді деп тағатсыздана күткен. Бірақ тағдырдың жазуымен ұл бала өмір есігін ашады. Баланы ұл болмысында қабылдай білмеген отбасы назардан тыс қалдырады. Әкесі шығармашылықпен, анасы сұлулығына күтім жасаумен айналысады.
Бала Крис мейірімді, ұялшақ әрі жүйкесі тым әлсіз болып өскен. Оның тәрбиесімен күтушісі айналысқан. Ертегі авторы Кристің туған күніне Лондоннан әкелген әдемі Тэдди ойыншығын сыйға тартқан екен. Сол Тэдди Кристің ең сенімді досына айналған. Алан Милннің басты кейіпкерінің бірі – осы Тэдди (Винни-Пух). Алан Криспен жары тастап кеткенге дейін жақын сырласпаған. Әйелі баласымен тастап кеткенде ғана автордың ертегі жазуға идеясы туады. Баласын ертегі сюжеті үшін қыдыртып, күтім көрсетеді. Бұл шақтар Кристің өмірінің ең бақытты парақтары боп сақталар еді. Әкесінің хикаятының көлеңкесінде қап қойған көңілі мен өмірі бұл парақтарды ашпауға үгіттейтін.
Ертегідегі бақытты бала Кристің тағдырынан көп ұзақ образ еді. Ер жеткен Крис әкесі қарсы болса да, өзінің Лесси есімді туысымен шаңырақ көтереді. Әкесі дүниеден өткен соң, Крис пен Лессидің шаңырағында қыз дүниеге келеді, алайда нәресте тума сал ауруымен ауыратын болған. 76 жасында Кристің жүйке жүйесі сыр беріп, науқастанып, ұйықтап жатқан жерінде бақилық болады.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.