Адамдар қашан киім киіп бастады?

Oinet.kz 15-07-2020 1452

Ежелгі адамдар тұтынған заттар туралы ойлағанда киімдері де жапсарлас еске түседі. Адамдар алғашында аң терісінен киінген деген қорытындыны археологиялық қазба деректер негізінде шығарған. Діни ұстаным яки суықтан қорғану үшін киді деп білетін пікірлердің барын жоққа шығармаймыз.

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Зерттеулер барысында  100 000-ға жуық жануарлардың терісін өңдеуге арналған аспаптарды табылды. Осы құралдардың көмегімен кесу, тесу және басқа да күрделі операцияларды орындауға болады. Бұл жаңалық адамзат киім тігу технологиясы ерте заманнан бар екендігін растай түседі. 

Флорида Университетінің ғалымдары Ерте замандағы адамдар киім киген кезде тексерудің бастапқы әдісін ұсынды. Ғалымдар киімдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ауа-райына сәйкестендірді. Яғни, киім киюге қажеттілік салқын температурамен тығыз байланысты деп тапты.Адамдар алғаш бас киімді бөлек кие бастаған сәттен киім үлгілері қалыптасты. Бұл оқиға 170 000 жыл бұрын орын алған. 

Бір қызығы, алынған деректер археологтардың адам 100 000 жыл бұрын Африка құрлығынан солтүстікке біртіндеп қоныс аудара бастағаны туралы пікірімен сәйкес келеді. Сол уақытта көші-қон жылдамдығы өте баяу жүзеге асты. Сондықтан киіну мәдениетінің даму үдерісі көп уақытты талап етті.Сыртқы киім 25 мың жыл бұрын пайда болғанына мүсін өнеріндегі қабаттап киінген ескерткіштердің киіну үлгісі дәлел. Қазба жұмыстарында белгіленген декор элементтері бар матаның үзілген жерлері табылғандығы дәйектің растығын үстемелей түседі.


Неліктен кейбір адамдарды маса көп шағады?
Психологиялық тест: Бір көбелекті таңдаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу