Неліктен кейбір адамдарды маса көп шағады?

Oinet.kz 15-07-2020 5647

Табиғат пен адам етене жақын жаратылыс. Ежелден біте қайнасқан тұрмыста көп ақпар зерттелмеген. Мысалы, маса кейбір адамдарды көбірек шағып, жанындағы адамға жуымайды. Неліктен? Біздің зерттеуімізде бұл фактор бірнеше себептермен орын алады. 

image.png

Киім

Масалар ашық үлгіде қанық түсті киімге үйірсек келеді. Ашық түсті кием киінген адам қан сорғыштың нысанына айнала қоймайды. Табиғат аясында жүретін жандар лажы барынша қанық реңкте киінбегені абзал. 

Қимыл

Масадан құтылу үшін тыпыршып кету көптеген адамға тән. Тіпті қашуға тырысып масаларды өзімізге «құштар етеміз». Масалар көбірек қозғалыстағы адамға үйірсек келеді. 

Дене жылуы

image.png

Масаға адам денесінің жылуы навигация іспетті. Жәндіктердің сезімтал мүшелері тіпті дене температурасындағы ерекшеліктерді анықтай біледі. Сезіммүшесі арқылы масалар дене температурасын сезінеді. Жаттығу жасаған адамға, яки жүкті келіншектерге маса дене температурасына байланысты үйірсек келеді.

Көмір қышқыл газы

image.png

Масалар хоботок жанында орналасқан арнайы органның көмегімен көмірқышқыл газын 50 метр қашықтықта анықтай алады. Барлық адамдар табиғи тыныс алу кезінде көмірқышқыл газын шығарады, бірақ біреу көп, ал біреу аз. Мысалы, жүкті әйелдің дем шығаруында басқа адамдарға қарағанда 21% көп көмірқышқыл газы бар. Ал балалар масалардың назарын аудармайды, себебі олар ересектерге қарағанда көмірқышқыл газын аз шығарады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Қасиетті Меккені 10 жыл басқарған қазақ кім?
Адамдар қашан киім киіп бастады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу