Психологиялық тест: «Қай жолды таңдар едіңіз!?»
1. Жол. Еркіндік жолын таңдадыңыз. Сіз үшін бос кеңестік пен тәуелсіз болудың маңызы зор. Әрбір қадамыңыз үшін жауап бере аласыз. Шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланасыз. Алдыңызға қойған мақсатыңызға жетпей тынбайсыз. Өміріңіздің әрбір секундына қуанып, уақытты дұрыс жұмсай білесіз.
2 Жол. Сіздің жолыңыз – артық адамдарға орын болмайтын шағын ғана әлем. Жалғыз қалғанды жаныңыз сүйеді. Әлемді жалғыз шарлап, түрлі шараға баруды ұнатасыз. Әңгімелесуші мен қамқоршыға зәру емессіз. Достарыңызды қатты жақсы көретініңіз рас. Алайда жалғыз қалуды су тамшысындай ұнатасыз. Сізді алда талай қызықты күндер күтіп тұр. Өміріңізді сұлулық, тосын сый, қызықты оқиға дегендерсіз елестете алмайсыз. Жалғыздықты мүлдем дерлік ұнатпайсыз. «Қанша өмір сүрсең де, үйренуден жалықпа!» қағидасына сай өмір сүресіз. Айналаңызға үнемі қызығушылық танытып, сұрақ қойып жүресіз.
3 Жол. Егер сіз дәл осы таңғаларлық жолды таңдаған болсаңыз, онда сіз-ерекше тұлғасыз. Сіздің өміріңізді жарқын сәттер, ерекше нәрселер мен ынтызарлық толтыруда. Сіз барлық қалыптан тыс, көпқырлы дүниелерді жақсы көресіз, сол сияқты сіздің қызуқанды болмысыңыз да бір сәтте өзіне тарта да, таңғалдыра да алады. Биік ағаштардың астындағы дәл осы жолды таңдау арқылы , сізге алдыға қарау маңызды емес екенін көрсетесіз: сіз көбінесе төбеңізге қарайсыз. Яғни, кеңістік жолдың өзінен де маңыздырақ. Бірақ, абай болыңыз, кейбір нәрселер дәл сізге қарай жүруі мүмкін, сондықтан алдыңыздағы жолға қарау да маңызды. Адамдар сіздің тоқтаусыз рухани күшіңізден, толыққанды өмір сүре алу қабілетіңізден қуат алады, сол себепті кейде өзіңізді қалыпты ұстай алатыныңзды көрсетіңіз.
4 Жол. Таңдаған жолыңызға қарап, сізді таңғажайып оқиғалар күтіп тұрғандығын айта аламыз. Әр кез болашағыңыз туралы ойлап, жаңа нәрселердің дәмін татуды ұнатасыз. Ұшқалақ мінезіңіздің арқасында қауіпсіздік мәселесін ұмытып кетесіз. Үнемі ережелерді бұзып жүрсеңіз де, айналаңыздағылар сіздің болмысыңызға, батылдыңызға қайран қалады. Сіз туралы «Уақытын босқа шығындап жатыр» деп айтатын тірі жан табылмайды.
5 Жол. Егер сіз осы жолды таңдаған болсаңыз, онда сіз үзіліс алып ойланғанды жақсы көресін адамсыз. Сіз әр нәрсеге мұқият қарайсыз, сұрақтар қойып, оның жауабын ерекше ынтамен іздейсіз. Біреулер тыныштықта өмір сүруден қорықса, сіз бұндай өмір ағысына қарсы жүзбейсіз. Кейбір кезде жолыңыздан адасып қалғанымен, сіз үрейленбестен сол жолды қайта тауып аласыз. Шөп-шалаң басып кеткен осы жолды таңдауыңыз, сізді рухани дүниені іздейтін адам ретінде көрсетеді. Назар аударып қарасаңыз, жолдың үзіліп, ары қарай не бар екенін көре алмайтынымызды байқайсыз. Мүмкін, алдыңызға нақты мақсат қойып, өмірлік жоспар құратын уақыт келген шығар? Тым болмаса таяу күндерге. Сіздің ішкі қуатыңыз-бұл сіздің күшіңіз, ал қызығушылығыңыз өміріңізді бірқалыпты етпеуге септігін тигізеді. Үйреншікті өміріңізге біреуді кіргізіңіз,сонда ғана бұның қаншалықты керемет екенін түсінесіз!
6 Жол. Сіз сабыр мен бейбітшілікті таңдадыңыз. Жалғыздық, тыныштық, қырағылық – өмір атты ұзақ жолда адал серіктеріңіз. «Ескі дос жаңа таныстан артық» деген қағиданы ұстанасыз. Шындықтың беті ашылмайынша тынышталмайсыз. Үнемі өмірдің мәнін іздеуден жалықпайсыз. Бастағы білімнің сапалы болғанын қалайсыз. Сізді ойшыл, философ деп айтсақ та болады.
7 Жол. Бұл жолды таңдаған адам-мықты тұлға. Бұл-ешқашан да сатқындық жасамайтын, досының артқан сеніміне әбден лайық, батыл, адал тұлға. Бұндай адам тосын оқиғалар мен сынақтардан қорықпайды, ол алдағы оқиғалардан тайсалмай , оларды сынақ ретінде емес, ойын ретінде қабылдайды. Егер сіз осы жолды таңдаған болсаңыз, онда бұл сурет дәл сіз туралы. Жолдың тастан жасалғандығы сіздің күш сынасудан қорықпайтындығыңызды, өзіңізге келген қарсылықтармен бетпе-бет тұра алатыныңызды айтады. Жолға қарап, алдыңызда бұдан да керемет әлем күтіп тұрғандығын еш күмән келтірмей айта аласыз. Мақсатыңызға қарай адымдай беріңіз, сіз жақындап қалдыңыз. Сонымен қатар сіз өзіңіздің әскердегі құрылғыдай мықтылығыңыз бен күшіңізді көрсетуге дағдыланып кеткенсіз, сондықтан адамдар сізді жараланбайтын әрі күшті, сынбайтын адам деп ойлауға үйреніп кеткен. Бірақ,біз, сіздің іштей өте мейірімді екеніңізді білеміз. Кейде өзіңіздің әлсіздігіңізді көрсетуге қорықпаңыз, бәрін арқалап ең мықты болып көріну міндетті емес.
8 Жол. Сіз-сұлулықты жақсы көретін және бағалай алатын толыққанды, үйлесімді тұлғасыз.Айналаңызды өзіңізге қымбат нәрселер қоршаған кезде, күш-қуатыңыздың артқанын сезінесіз.Сіз салт-дәстүр мен мәдениетті бағалайсыз.Егер сіз гүлденген жолды таңдаған болсаңыз, онда сіз өмірдің,тіпті, ұсақ-түйегіне де қуанып, өзіңізге керегін ала алатын адамсыз.Алдыңыздағы орта көлемді тасты көріп тұрсыз ба, бұл-сіздің жолыңыздағы күтпеген оқиғалар.Сізді үйреншікті тұрмыс салтыңызды өзгертетін, әлеміңізді дүр сілкіндіретін оқиға мен жаңа дүниелер күтуде.Қалыпты әдеттеріңізді өзгертіп, кейбір нәрселер туралы үндемей қалуды және тыныштықта өмір сүруді доғаратын уақыт келді.Айналаңыздағы адамдарға сіздің де даусыңыз, сезіміңіз және қызықты ойларыңыз бар екенін көрсетіңіз!