Психологиялық тест: «Сіздің саусағыңыздың пішіні қандай?»
Бармағыңыздың сипаты сіздің қандай мінезді адам екендігіңізді көрсетіп береді.
A. Cіз құпияға толы жансыз. Жоспарларыңыз бен армандарыңыз туралы өзге адамдарға айтқанды ұнатпайсыз. Өзіңізге жақын жанжарға ғана сыр шерткенді ұнатасыз. Бұл бармақтың иелері сабырлы, адал және мейірімді жандар.
B. Cіз өте қарапайым жансыз. Болмысыңыз ерекше. Үнемі өзгелерге көмектесуге дайын тұрасыз. Бұл адамдар әр өзгерістен үлкен мүмкіндік көреді. Үнемі сол бағытта өзін дамытып жүреді. Ойын ашық әрі дәлелді айтуға тырысады. Негізінен көп дүниені алдын-ала біліп отырады.
C. Көптеген түсініспеушіліктерді оңай шешуге тырысасыз. Бұл бармақтың иелері бірбеткей келеді. Алған бетінен қайтпайды. Көздеген мақсатына жету үшін бәріне дайын. Ол жолдағы кедергілерден тартыну дегенді білмейді. Ол басқалардың пікіріне қармайды, бойындағы сенімділік оны ортасында өте сыйлы етеді.