Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Кей адам ақшаға қатысты ырымға сенеді. Ал, сіз сенесіз бе?
Жалпы, мына ырымдарға мән берсеңіз, артық болмас... Көбі ас үйге қатысты болмақ.
Ақшаны ас үстеліне қоюға болмайды. Себебі, шығынға ұшырайсыз. Оған қоса үстелге кілт пен бас киімді қоюға болмайды.
Үстел үстіндегі қалдықтарды тек шүберекпен сүртіп алу керек. Қолмен сүртпеңіз.
Үстелге отыруға болмайды. Ол кедейлікке ұшыратады.
Үйде бос ыдыс ұстамаңыз. Егер бос ыдыс керек болса, ішіне тиын не бірнеше дән салып қойыңыз.
Үйде ақша көп болу үшін әр бұрышына тиын тастаңыз. Ал, кіреберіске күміс тиын тастағаныңыз дұрыс.
Үстел үстінде ешқашан бос бөтелке немесе тәрелке тұрмауы тиіс. Оларды бірден жинастырыңыз.
Ас үстеліндегі дастарқан астында үнемі аздаған болсын ақша жатуы керек. Ол үйді ұрлықтан қорғап, байлық шақырады.
Өз шашыңызды өзіңіз қимаңыз. Шығынға ұшыратады.
Үйде ысқырмаңыз. Ол үйдегі ақшаны алып кетеді дейді.
Үйге ақша алып келсеңіз, түнде оны айна алдына қойыңыз. Ақшаңыз арта түседі.
Еш уақытта ақшаны кір жерге, өзіңіз не өзге адам отыратын орынға қоймаңыз.
Қаражидекті қаншалықты көп жесең, ақшаң да соншалықты көп болады екен.
Қонақтар кеткен кезде дастарқанды далаға шығарып, сілкіп жіберіңіз.
Күн батқаннан кейін ақша санамаңыз. Таңертең есептеген дұрыс.
Ешқашан әмияныңызды бос қалдырмаңыз.
Тиындарыңызды шашып алсаңыз, ерінбестен соңғы тиынына дейін жинап алыңыз.
Ақшаны көрінген жерге қалдырмаңыз. Өйткені, ақшаны қалай жақсы көрсеңіз, ол да солай иесін жақсы көрмек. Лайым, табысты болыңыз!