Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев туралы не білесіз?

Oinet.kz 03-05-2020 5197

Отбасылық жағдайы

Мәулен Әшімбаев 1971 жылдың 28 қаңтарында Алматы қаласында  дүниеге келген. Әкесі Сағат Әшімбайұл Әшімбаев әдебиет танушы, журналист, қоғам қайраткері. Анасы Шәрбану Қонақбайқызы Бейсенова жазушы, журналист. Жұбайы Бөтеева Айгүл. Қазірге таңда Мәулен Әшімбаев Айғаным (1996), Алтынай (1999), Әлима (2004) есімді балалардың ардақты әкесі. 

img_324_822.jpg

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы.

Еңбек жолы 

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 

2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 

Screenshot_3.jpg

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 

2012-2018 жылдары – V, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы. 

2018-2019 жылдары – "Nur Otan" партиясы төрағасының Бірінші орынбасары. 

2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 

2019 жылдың 18 желтоқсан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Мәулен Әшімбаев  «Парасат» (2015), «Құрмет» (2007) ордендерімен және мерекелік медалдермен марапатталған. 

Ол қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Психологиялық тест: Баланың анасын табыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелі кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу