Күйеуіңіз туралы сіз білу қажет маңызды 3 нәрсе
Қаншама жыл бір отбасы болсаңыздар да, күйеуіңіз туралы сіз білмейтін, бірақ білуіңіз қажет заттар болуы мүмкін. Төмендегі тізімге назар аударыңыз.
⠀
1. Оның армандары мен мақсаттары жайлы. ⠀
Сіздің күйеуіңіздің 5 жылдан кейін қандай қызмет атқарғысы келетінін білесіз бе? Қандай көлікті алғысы келеді? Қай жаққа саяхатқа баруды армандайды? Неше бала сүйгісі келеді?⠀
Осының бәрін білу екеуіңізді жақындастыра түседі. Өзіңіздің де арман-мақсатыңыз жайлы онымен бөлісіңіз. Қарым-қатынастарыңыз берік бола түседі.
2. Оның сүйікті кітабы мен фильмдері. ⠀
Күйеуіңіз қандай жанрдағы фильмдерді сүйіп қарайтынынан хабарыңыз бар ма? Қандай авторларды оқығанды ұнатады? Осының бәрінен хабардар болсаңыз, күйеуіңізбен талқылайтын "тема" әркез табылары анық.
3. Оның сүйікті спорт түрі және командасы.
Күйеуіңіздің қандай спортты сүйіп қарайтынын да біліп алыңыз. Сүйікті командасы туралы да азды-көпті ақпарат біліп алсаңыз артық етпейді.
Бұл Еріңіздің сізге деген қызығушылын арттырады.