«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
ХХ ғасырдың ортасында психиатриялық ауруға душар болған науқастарды лоботомия терапиясымен емдеу белең алды.
Адамның маңдай тұсын медициналық құралмен тесіп, миының бір бөлігін алып тастау процедурасын алғаш рет 1936 жылы португалдық дәрігер Эгаш Мониш жасады. Ол жылына 20 шақты ота жасап отырған. Сол кезеңде дәрігер мынадай статистиканы жариялады: 7 науқас құлан таза айықты, 7 пациенттің беті бері қарап келеді, ал қалғандарының денсаулығы бірқалыпты. Көптеген ғалымдар лоботомия терапия емес, ол миды зақымдау деген дабылына қарамастан операцияға жүгінгендердің саны азайған жоқ. Тіпті 1949 жылы Монишке Нобель сыйлығы берілді. Пайдасынан залалы басым лоботомия сол кезде 70000 адамға жасалған екен.