Тірі балықтың пайдасы
Балықтың адам денсаулығына пайдасы дәлелденген. Судағы тіршілік иесінде біріншіден омега көп. Ол мидың жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады. Сондай-ақ балық көз жанарын қалыпқа келтіреді. Суда жүзіп жүрген тірі балықтың да денсаулыққа пайдасы бар екен. Түркияда псориазды емдеу үшін науқасты балыққа толы ваннаға жатқызады екен. Себебі тірі балықтар түлеген теріні жұтып қояды.