Рекорд: Ота кезінде 1080 литр қан жоғалтқан
Қандай операция болмасын науқас белгілі бір мөлшерде қан жоғалтады. Онсыз мүмкін емес. Медицина тарихында ең көп қан жоғалтқан хирургиялық ота 1970 жылы АҚШ-та орын алған. Гемофилия диагнозы қойылған пациент ота үстелінде өте көп қан жоғалтады. Нәтижесінде ақ халаттылар науқасқа 1080 литр қан құюға мәжбүр болды.