Психологиялық тест: Жарыңыз үйге кеш келсе қалай күтіп аласыз

Oinet.kz 16-02-2020 1757

Үйлі-баранды кез келген адамның басында болатын жағдай – үйге кеш келу. Отбасы болғаннан кейін ыдыс аяқ сылдырламай тұрмайды, аса сабырлылық танытып, өзіңізді басып, кешірім жасай білмесеңіз, шаңырақ ортасына түсе салады. Негізінен күйеуі үйге күндегі уақыттан кеш оралатын болса, мұны келіншегіне ескертіп, не себепті кешігетінін де түсіндірген жөн. Барлық әйел күйеуінің қайда, не істеп жүргенін біліп отырғысы келеді. 

Сонымен, суретте берілген төрт әйелдің қайсысы сізге көбірек ұқсайды?
4770d250-4df5-495e-bd32-dbf616bb5ef7.jpg

Бірінші нұсқа
Мұндай қылықты кешіре алмайсыз. Ұрыс шығарудан да тайынбайсыз. Қателігін бетіне баса отырып, оның алдында оған төзіп келген қылықтарын да түгел ақтарып айтасыз. Күйеуіңіздің басқан қадамынан есеп алып отыруды қалайсыз.
Екінші нұсқа
Әрине, жағдайға бейжай қарай алмайсыз. Алайда сол үшін жанжал шығарудың қажеті шамалы деген ойдасыз. Аздап күңкілдеп, өкпе-назыңызды білдіруіңіз мүмкін. Ал бұрыннан жиналған ренішіңізді «жабулы қазан» күйінде қалдырасыз. Көңіл күйіңіз бұзылғанымен, өтіп кеткен нәрсені қазбалай берудің мәні жоқ екенін түсінесіз. Бір жағынан күйеуіңіз сіздің бұл қасиетіңізге жаман үйреніп алуы мүмкін.
Үшінші нұсқа
Күйеуіңіз есіктен кіре сала сіздің ашулы түрмен күтіп тұрарыңызды біледі, тіпті есік ашуға бармауыңыз да мүмкін. Онымен сөйлеспей қоясыз, бір не екі күн «үндемес» ойынын ойнап жүре бересіз. Біраз уақыттан кейін татуласып кеткеніңізбен реті келгенде бұл жағдайды есіне салмай қоймайсыз.
Төртінші нұсқа
Сіз үшін күйеудің кеш келуі алаңдайтын мәселе емес. Бастысы, аман-сау оралды, болды емес пе? Ал келмей қалса қайтер едіңіз. Ол да ерігіп жүрген жоқ, жұмысында бөгеліп қалған болар деген оймен сабырлылық сақтайсыз. Бала-шаға қамымен түзде жүрген ер адамға айып тағудың қажеті қанша. Онда тұрған ештеңе жоқ.

Биші кальмар
Тірі балықтың пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу