Наркоздың атасы - скат

Oinet.kz 16-01-2020 925

regnum_picture_1475653776378417_normal.jpg

Ежелгі Грекияның медицинасы жаңашылдыққа толы. Суда тіршілік ететін скат балығын да емдеу ісінде алғаш қолданған ол гректер. Балықтың денесінде токтың барын білген дәрігерлер оны науқастың кеуде тұсындағы клеткалардың үстіне қойған. Дәрігер Скрибоний Ларг скат көптеген созылмалы ауруларға ем болатынын дәлелдеген. Айтпақшы скат сөзі грек тілінен аударғанда «нарк» яғни «жансыздану» деген мағынаны береді. 

c8f9accb1bad4c37b6115d4a0575ee86.jpg

Скаттың  адам денесіне тиген жер жансызданып қалады. Ғалымдар наркоз сөзінің түп тамыры скаттан шыққан деп есептейді. Сондықтан балықшылар оны аулаға құмар емес, тіпті су астындағы өзге де тіршілік иелері одан аулағырақ жүзуге тырысады. 

Қанның түсі қызыл емес көк
Құмырсқа – хирургтің көмекшісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу