Қанның түсі қызыл емес көк
Еуропа халықтарында ақсүйек әулетінен шыққан бай-манаптарды «көкшіл қандылар» (голубая кровь) деп атайды. Алайда бұл сөзді тікелей мағынасында да қолдануға болады екен. Ғалымдардың айтуынша біздер, адамдар, барлығының тамырында қызыл емес көк қан ағып жатқан көрінеді. Қан оттегімен жанасқан кезде қызыл түске боялатын көрінеді. Бір жерімізді кесіп немесе жарақаттап алған кезде тамырдағы көк қандар сыртқы ауамен жанасып қызыл түске енеді. Біз сондықтан үнемі қанды қызыл күйінде көреміз.
Зерттеулер бойынша жер бетінде жеті мыңға жуық «кианетиктер» бар екен. Әдетте адамның қан түйіршектерінде темір болады. Ал кианетиктердің қан түйіршектерінде темір емес мыс болады. Мұндай жандардың қан түсі лалагүлдікіндей, яғни өзгеше көк болып келеді.