Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
1635 жылдың көктемінде Кенигсберг медицина факультетінің ауруханасына абайсызда пышақ жұтып қойған шаруа жеткізіледі. Хирург Швабенің көкейін екі сұрақ мазалады: ота жасау керек пе, әлде бір Құдайға тапсыра салу қажет пе? Дәрігердің бас қатыратынындай-ақ бар еді. Өйткені ол кезде дәл мұндай күрделі операцияны ешкім жасамаған еді. Алайда хирург науқасқа көмектесуді парызы санап, үлкен тәуекелге барады. Ол залға факультеттің барлық өкілдерін жинап, науқасты төсекке байлайды. Жұрттың шулағанына қарамастан Швабе өлім аузында жатқан адамның қарнындағы көк етті осып жіберіп, асқазанға түскен пышақты алып, орнын тігеді. Көпшілшіктің күмәні сейіліп, науқас тірі қалады. Алғашқы күрделі ота осылай жасалған.