Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Ежелгі уақытта көптеген халықтар үшін ұзын тырнақтар қараңғы күштен қорғайтын тұмар іспеттес болған. Ал қазіргі уақытта әдеміліктің ажырамас бөлігі болып есептелінеді. Маникюр бірнеше мыңжылдықтар бойы қандай жолдармен келді?
Манюкирдің өмірімізге мықтап енгені соншалық онсыз заманауи қызды бейнесін елестету мүмкін емес.
Бұл материалда біз қазіргі таңдағы әдемі тырнақтардың қалай пайда болғаны жайлы қызықты әрі пайдалы деректерді жинадық.
Тырнақтарға күтім жасау мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Ең алғашқы көне маникюр Ежелгі Вавилонда (қазіргі Ирак аймағында) археологтардың қазба жұмыстарынан табылғандығы мәлім. Расыменде, ол кезде апельсин таяқшалары мен баф болған жоқ, әрине.
Ежелгі Египетте тырнақ ұзындығы мен түсі адамның меншігін көрсететін болған, мәселен ақсүйек өкілдерінің маникюрі жарқын түсті.
Клеопатра патшайымы тырнақтарын әсемдеуде хнаны, ал күтім жасауға майды қолданып отырған.
Ежелгі Греция мен Римде құлдардың ерекше дәрежесі косметика болған. Олар ақсүйектердің өздеріне күтім жасауына көмектесті. Тырнақты жылтыратып әсемдеу үшін арнайы жануарлар майы қосылған сұйықтықты пайдаланған.
Қазіргі заманғы тырнақтардың бұрынғы түрі ежелгі Қытай өркениетінде пайда болды. Бұл ұсақталған минералдардан, балауыздан, жұмыртқаның сарысы мен гуммиарабикадан жасалған бояу еді. Сондай-ақ, алтын шаңы тырнақтарды безендіру үшін пайдаланылды.
Ежелгі Қытай халқы тырнақтарын 25 см-ге дейін өсіруге тырысты. Бұл адамды зұлым күштерден қорғаудың сенімді әдісі болып саналды. Белгіленген ұзындыққа жете алмағандар (тырнақтары байқаусызда сынған) саусақтарының ұшына темір ұштарын киетін болған.
Орта ғасырларда маникюр, керісінше, зұлым рухтармен байланысты болды. Католик шіркеу соты бұл процедураны күнә деп жариялады. Бірақ біраз уақыттан кейін бәрі өзгерді - және жақсы күтілген тырнақтар қайтадан асыл адамдардың келбеттерінің маңызды белгілерінің бірі болды.
Бір қызығы, мысалы, Қайта өрлеу кезеңінде кірер алдын есікті сыпайы түрде қағып кіру үшін кішкентай саусақтардың бірін бояу әдетке айналған.
Ал 1830 жылы француз патшасының дәрігері Луи-Филипп алғашқы толыққанды маникюр жиынтығын жасап шығарған. Байқаусызда монархтың саусағының терісі жыртылып, қабынғаннан кейін қайта ретке келтіру үшін тырнақ пен теріге күтім жасау қажет болды.