Том мен Джерри 80 жаста

Oinet.kz 11-02-2020 1304

Кезінде кішкене көрермендермен қатар, үлкендерді де алдына телмірткен "Том мен Джерри" мультхикаясы 80 жасқа толды. 

cb9abe51a101ddc889c65acb16d04e03.jpg

Мысық пен тышқанның ерегіске толы өмірін бенелейтін мульттоптаманың алғашқы көрсетілімі 1940 жылдың 20 ақпанында өткен. Американдық мультипликаторлар Уильям Ханна мен Джозеф Барбераның тікелей басқаруымен түсірілген қысқаметражды анимацияның бөлімдері бірнеше рет "Оскар" жүлдесін иеленген. Кішкене жүректерді жаулаған анимациялық фильмнің кейіпкерлері қолдан жасалған антропоморфті жаратылыс, яғни, қолдан жасалынған.  Мысалы, Том  — қара-көк түсті антропоморфты мысық. Мульсериалдың алғашқы бөлімдерінде «Джаспер» атымен аталған. «Джаспер» — бұл Томның тегі: «Томас Джаспер». Ол әрқашанда Джерридің соңынан қуалап, оны ұстауға тырысады.

Джерри, толық аты-жөнә Джеральд Маус — қоңыр түсті антропоморфты тышқан, алғашқы рет экрандарда 1940 жылы көрсетілген. Алғашқы кезде «Тышқан» немесе «Джинкс»  деген аты болған. Мультфильмде Томның басты нысанасы болып табылады. Сондай-ақ, қулығымен ерекшеленетін кішкене ғана жаратылыс иесі. Егер де "Том мен Джерри" мультфильмі қайта түсіріліп көрерменге жол тартатын болса, оны көруден еш жалықпас едім. Әрине, алғашқы сценарийіндегідей әсер болатын болса. 

Біреуін таңдаңыз!
Есірткіні протезіне жасырып өтпекші болған қылмыскер ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу