Кітап оқу ми жасушасын өлтіреді
Адамның миы бір үлкен механизм сияқты. Жаңа ақпаратты сақтау болсын, ескі ақпаратты ойдан шығару болсын, барлығы мидағы жасушалар – нейрондармен байланысты. Мида нейрондардың негізгі мақсаты басқа нейрон жасушалармен байланыс құрастыру, байланысты ажырау, бекіту. Егер ақпарат мида болса ол осы нейрондық байланыспен көрсетіледі. Алғашында, мысалы сіз өлең жаттағыңыз келсе, бір оқығаннан кейін жатқа айта салу мүмкін емес. Бұның себебі мидың ішіндегі байланыстарда. Алғашында, өлеңді бір оқығанда бір-екі байланыс түзіледі. Алайда, бүкіл мәтінді жатқа айту үшін мыңдаған астам байланыс керек. Сондай-ақ адам миында туғанынан 14 миллиардтай жасуша болады және өлгенінше ол көбеймейді. Керісінше, 25 жастан кейін күніне 100 мыңға азайып отырады. Ал кітап, газет оқуға кеткен әрминутта шамамен 70 жасуша өліп отырады. Яғни, біз бір кітап оқу арқылы қаншама ми жасушамызды құрбан етеміз.