Ең алғашқы үтік Америкада жасалған

Oinet.kz 02-02-2020 2570

fakty-utug.jpg

Әлемдегі ең алғашқы үтікті американдық Генри Сили есімді өнертапқыш  ойлап тапты. 1882 жылы дүниежүзіне танылған үтіктің пішіні басқаша болды. Генри Сили темірдің ішіне қыздырылған спираль салды. Алғашқы үлгіде көптеген кемшіліктер болды. Температура реттегішінің болмауынан киімдер бүлініп, жанып кетіп жатты. Алайда, ол үй шаруасындағы әйелдер үшін айтарлықтай қиын жұмыс болмады. Осыдан кейін үтіктің жаңа үлгісін ұсынушылар шойыннан жасалған  түрін сатылымға шығарды. Олардың ішіне ыстық көмір салынып, салмағы 10 кг-ды құрады. Сондықтан киім үтіктеудің өзі адамдар үшін жаттығу мен үлкен еңбек болып саналды. Ал, ол замандарда темірдің құны өте жоғары болғандықтан, үйде самауыр және темір пішіндес заттарды ұстау сәнге айналды. Олигарх отбасылар мыс және күміспен әшекейлеген үтіктерді сатып алатын болды. Себебі, ол заманда темір – байлықты білдрген.


Ең қорқынышты фильмдер
Алдаудан ләззат алатын адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу