Путин мен Тоқаев сөйлесті

Oinet.kz 01-05-2022 1249

Ресей президенттері Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесу барысында Қазақстанның ЕАЭО мен Кеден одағынан шығу мәселесін талқыламаған. Бұл туралы Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Screenshot_8.jpg

Песков журналистерге Қазақстанның ЕАЭО Кеден одағынан шығу тақырыбы күн тәртібінде тұр ма деген сұраққа “Жоқ” деп теріс жауап берді.

Қазақстанның ЕАЭО ортақ кеңістігінен шығуы мүмкін деген қауесет Ресейдің Украинаға басып кіруінен соң басталғаннан кейін БАҚ-та пайда болды. Бұл туралы кейбір сарапшылар да айтуды.

Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтбаев CFO Summit 2022 халықаралық форумында Нұр-Сұлтанның ЕАЭО-ға қатысуын тоқтатып, одан кейін толықтай шығуды ұсынды.

Бұған дейін Песков ҰҚШҰ елдерінің мерейтойлық саммиті өтетінін хабарлаған. Бірақ оның нақты датасын жария етуден бас тартқан.

Әлем дегредацияға ұшырайды, ал біз дамимыз - Алина Кабаева
Түркістан облысында күйеуі төрт баласының көзінше әйелін өлтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу