Бедеулікті емдеуге болады

Oinet.kz 22-12-2017 1014

Қазақстанда бедеулікті емдеудің барлық мүмкіншілігі бар. Мұндай пікірді Астанада өткен Қазақстанның репродукивті медицина қауымдастығының ІХ халықаралық конгресінде «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры Салтанат Байқошқарова айтты.

Screenshot_27.jpg

– Бедеулік көбіне туа берілмейді, адамның өмір сүру салтына байланысты пайда болады. Бүгінгі медицинаның, биологиялық жетістіктердің және денеден тыс ұрықтандыру әдісінің арқасында бедеулікті 90-95 пайызға емдеуге болады. Қазақстанда оның барлық мүмкіндігі бар, – деді ол.   

Емхана директорының дерегінше, бүгінде бедеулік отбасылардың 15-20 пайызында кездеседі. Яғни, әрбір 5-ші, 6-шы отбасы бедеулік мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. 

Оның ойынша жасанды ұрықтандырудың табиғи ұрықтандырудан аса айырмашылығы жоқ. 

– Табиғи ұрықтандырудың, яғни табиғи жолмен бала табудың өзі 100 пайыз емес. Демек, жас әйел күйеуге тигеннен кейін 12 айдың ішінде екіқабат болуы керек. Экстракорпоральды ұрықтандыру одан екі есе нәтижелі, екі есе жылдам жүкті болуға мүмкіндік береді. Бірақ, ол бедеу болған жағдайда ғана қолданылады. Қазіргі технологиялар бедеулігі бірнеше жыл бұрын пайда болған әйелдер мен еркектерге де көмек бере алады. Әйел мен ер адамның төсек қатынасынан кейін бала пайда бола бермейді. Табиғаттың заңы солай. Яғни, бір айда жас әйелдің бала көтеру мүмкіндігі 15-20 пайыз ғана. Сондықтан денеден тыс ұрықтандру арқылы 100 пайыз кепілдік сұрау орынсыз, – деді Салтанат Байқошқарова.

Халқы ұзақ өмір сүретін 5 ел
Қарияларға отырмаған пайдалы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу