«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Қазақстан халқының ұзақ өмір сүру ұзақтығының орташа жасы – 72 жыл. Ал, төменде аталған елдердің халқы өзге мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай ұзақ өмір сүреді. Сонымен, кімдер ұзақ жасайды?
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея әлемдегі ұзақ өмір сүретіндер қатарында бірінші орында. Ұзақтығы – 90 жас. Елде денсаулық сақтау қызметі арзаны. Адамдардың қан айналымы жақсы.
Халық сұйық тамақты көп жейді. Холестерині көп тағамдарды жемейді. Онкологиялық аурулармен ауырмайды.
Елде дәстүрлі монша деген бар. Халық онда күйзелістен арылу үшін барады.
Сингапур
Мұндағы өмір сүру ұзақтығы 83,1 жас. Бұл елде балалар мен әйелдердің босану кезіндегі өлімі аз.
Мұнда медицинаға көп мән береді. Егер тұрғындарының ұзақ өмір сүруіне баға берер болса, Сингапурдің денсаулық жүйесі шынында да ғажап жетістіктерге толы.
Халқының басым бөлігі фитнеспен айналысып, жаттығуға арналған саябақтарда жаттығады.
Жақында Сингапурде егде жастағы адамдарға арналған сабақ ашылды. Онда күйзеліс пен психикалық дерттен айығуға көмектеседі. Бұл елде адамдар зиянды әрекеттерден бас тартады.
Алкоголь мен темекінің салығы айтарлықтай қымбат.
Жапония
Жапондықтардың орташа өмір сүру жасы – 83. Бұл ел әлемдегі өмір сүру ұзақтығы ең көп ел. Ел аузында Окинава аралында өлмейтін адамдар тұрады деп айтылады. Мұнда жасы 100-ден асатын 400 адам тұрады.
Окинава аралының тұрғындары соя мен тәтті картоп, балық жейді. Сояның құрамында ақуыз көп. Ғалымдар осы себепті олардың ұзақ өмір сүретінін айтады.
Испания
Мұндағы халық зәйтүн майы мен көкөніс жейді. Өмір сүру ұзақтығы – 82,8. Испандықтардың ұзақ өмір сүруінің бір себебі – сиеста. Ол түскі астан кейінгі күн қатты ысыған кездегі демалыс.
Испания елінің көшелері көлікпен жүруден гөрі жаяу жүруге ыңғайланған. Сондықтан адамдардың көбі бір жерде отырып тамақтанбай жаяу кетіп бара жатып қоректене береді.
Швейцария
Бұл мемлекетте ерлер ұзақ өмір сүреді. Ұзақтығы – 81 жас. Елде азаматтарға денсаулық сақтау қызметі жоғары деңгейде көрсетіледі. Жеке бастың қауіпсіздігі сақталады.
Ерлердің ұзақ өмір сүруіне олардың ірімшік пен сүт өнімдерін көп тұтынатындығы себеп екені айтылып жүр.