Ыдыс жуғанына қарап мінезін білуге болады
Адамның әрбір әрекеті оның ішкі әлемінен хабар беретінін психолог-мамандар әлдеқашан пайымдаған. Мамандар қызықты зерттеулердің бірінде қыз-келіншектердің ыдыс жуу дағдыларын зерттепті. Осы арқылы олардың болмысын, өмірлік ұстанымдарын, ортада өзін ұстауы мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктерін білуге тырысқан. Нәтижесінің көңіл көншітерлігі сонша, тіпті кейде жұмыс беруші үміткер кадрды таңдауда осы тест арқылы тексеріп көруіне де болады екен.
Тестен өту үшін алдымен төмендегі жауаптардың бірін таңдау керек. Таңдауды көңіл қалауы не дұрыс деп тапқан жауап бойынша жасамайды. Күнделікті дағдыға айналған әрекетті шынайы көрсету қажет.
Сіз ыдысты қалай жуасыз?
1. Пайдалануға таза ыдыс қалмағанда барып барлығын жинап-теріп жуамын.
2. Менен басқа біреу жуып қояр деп ұзақ уақыт үстін-үстіне жинай беремін.
3. Сүйікті сериалымды көріп жүріп (немесе ән тыңдап жүріп) жуып тастаймын.
4. Тамақ ішіп болып, артынша-ақ жуып-тазалаймын.
5. Ыдыс жуу, үй жинау үшін үй қызметкерінің көмегіне жүгінемін. 6. Ыдыс жуғыш машинамен жуамын. Таңдаған жауап санына сәйкес тест нәтижесін біліңіз. 1. Қатып қалған қағида аясында өмір сүрмейсіз. Жаныңыз еркіндікті қалайды. Қызметте де жоспарлы түрде жұмыс істеу сізге қиынға соғады, солай ма? Дегенмен, қиналсаңыз да барлық жұмысты өз уақытында атқарады екенсіз. Қандай ауыр жұмыс болса да, соңына дейін еңбек еткеніңіздің арқасында ұжымдастар арасында беделіңіз жоғары. 2. Сізді табыскер жан деп айтуға келмейтін секілдісіз. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүргенді жөн көресіз. Осындай жағымсыз мінезіңізге қарап, әріптестеріңіз бүгін болмаса, ертең біреу үшін қаншама тер төккендігін түсініп, бұрынғыдай сыйламайтын болады. Берілген тапсырмаларды орындамауда дәлелді себептер айта аласыз ба? Жоқ болса, мұндай қызметкердің де басшылыққа қажеті шамалы екенін түсінуге тиіссіз. Мансап баспалдағымен көтерілемін деген мақсатыңыз болса, өзіңізді дамытып, жақсы қырларыңыздан танылуға кеңес береміз.
3. Алғыр, пысық, тапқыр жандарға арналған "жоқтан бар жасайтын" деген тіркес бар. Сіз осындай қыры бар жандар қатарына жатасыз. Зеріктіретін істің өзінен қызықты дүние ойлап табасыз. Қай іске болмасын жан бітіретін болғандықтан, сізбен жұмыс істегісі келетін шығармашылық командаңыз бен керемет жобаларыңыз бар. Мұның барлығы, бір сөзбен айтқанда, Сіздің еңбекқорлығыңызды білдіреді. Көптеген адамдар бойыңызда кертертпалық мінездің жоқтығына қызыға қарайды.
4. Жоспар бойынша әрекет еткенді ұнатасыз. Талапшыл және ұқыпты жансыз. Өзгелерден де осындай жауапкершілікті күтесіз. Түнде жоспар құрып, таңертең оны іске асыра салатын жандардың бірі емессіз. Әрбір істі сарапқа салып, бүге-шігесіне дейін анықтайсыз. Кейбір әріптестеріңіз сізді бағаламайды, дегенмен, басшылық тарап табыс әкелетін қызметкер екеніңізді біледі.
5. Ысырапқа көбірек жол бересіз. Мұны өзіңіз байқамауыңыз да мүмкін. Қызмет орнында адам санын арттырып, мамандар біліктілігін көтеру мәселесін жиі қозғайсыз. Мүмкін, үлкен компанияда бұл керек шығар, дегенмен, бүгінгідей дағдарыс кезеңінде мұндай арқаны кеңге салушылықты көп мекеме көтере бермейді.
6. Мұндай нәзік жандылар заман ағымына ілесе біледі. Заманауи техникалармен тез "түсінісіп", оларды орнымен шебер қолдана біледі. Шапшыңдығының арқасында жүктелген міндетті өзгелерге қарағанда жылдам атқарады. Өрлеу жағынан қалыс қалмайды және тапқыр. Жұмысын жоспарлы түрде және барлығын уақытынан кешіктірмей, дер кезінде атқарады. Мұндай қызметкер кез келген басшының арманы.
Дереккөз: ernur.kz