Суда жүзетін шырша
Шырша – Жаңа жыл мерекесінің басты символы. Мереке жақындағаннан әркім шамасы келгенше мәңгі жасыл ағашты түрлі ойыншықтармен сәнді етіп безендіруге тырысады. Жақында Рио-де-Жанейро қаласында салмағы 542 тонна, биіктігі 85 метрге пара-пар әлемдегі ең алып әрі суда жүзетін шыршаның шамы жағылды. Ол үшін мыңдаған адамдар Лагуне Родриго де Фрейтасқа жол тартып, сонда алты минуттық салют пен 3,1 миллион шамдардың кезекпен жағылғанын тамашалады. "Мұндай кереметті бұрын-соңды көрген емеспіз", - деп көрермендер бұған оң баға беріпті