Американдық дәрігерлер жұмыстан шаршады
Жалпы практикадағы американдық дәрігерлер көп жылдан беру жұмыстың ауыртпалығына шыдай алмай жүргендерін білдіруде. Олардың жартысына жуығы пациенттердің санын азайтуды немесе мүлдем басқа салаға кетуді жоспарлап отыр.
АҚШ терапевттер ұйымы жүргізген зерттеу көрсеткендей, жалпы практикадағы 12 мыңға жуық дәрігерлердің 60 пайызы өзгелерге медицинаға келуге кеңес бермейтін еді. Дәрігерлік ұйымдар ақ халаттыларға түсетін ауыртпалықты азайтуды ұсынуда. Арнайы жүргізілген сауалнама барысында дәрігерлер елдегі медициналық мамандар тапшылығы барын, құжаттармен жұмыс істеу көлемі анағұрлым көбейіп кеткенін білдірген. Бұл өз кезегінде пациенттерге дұрыстап көңіл бөлуге мүмкіндік бермейді екен. Сауалнамаға қатысқандардың 11 пайызы дәрігерлік қызметтен кетуді ойластыруда.