Бас-Конго вирусы қалай пайда болды?
Адамзат тарихында мыңдаған адамның өмірін жалмаған неше-түрлі эпидемиялардың орын алғаны белгілі. Алайда, кез-келген ауруға алғаш болып шалыққан жандар бірінші болып ауырған жанның болуы заңды. Оларды «нөлдік пациент» деп те атайды. Сонымен...
Бас-Конго вирусы
Қара құрлық әлемге тағы бір қауіпті вируспен танылып үлгерді. Жуырда анықталған Бас-Конго вирусы құтыру секілді рабдо вирустар тобына жатады. Ол адамды өлімге душар ететін геморрагиялық безгекке ұласады. Әйткенмен, Эбола вирусымен күрес күшейген кезде табылғандықтан, Бас-Конго вирусының таралуына тосқауыл қойылды. Бұл індеттің «нөлдік пациенттері» ретінде Конго еліндегі Мангала ауылының екі жасөспірімі танылды. 15 жасар бала мен 13 жасар қыз 2009 жылы вирусқа шалдығып, екі-үш күн ішінде көз жұмды. Екеуі де бір мектепте оқыған екен. Қатерлі вирустың қайдан келгенін ғалымдар әлі күнге дейін айта алмай отыр. Бас-Конго құрбандарына күтім жасап жүрген маман қыз қайтыс болғаннан кейінгі 9 күннен соң ауруға ұшырады. Бірақ, кқрсетілген ем-домның себебімен тірі қалды.