Эбола вирусы қалай пайда болды?
Адамзат тарихында мыңдаған адамның өмірін жалмаған неше-түрлі эпидемиялардың орын алғаны белгілі. Алайда, кез-келген ауруға алғаш болып шалыққан жандар бірінші болып ауырған жанның болуы заңды. Оларды «нөлдік пациент» деп те атайды. Сонымен...
Эбола вирусы
Бұл індетке алғаш шалдыққан – гвинеялық 2 жасар бүлдіршін болып есептеледі. Ол 2013 жылдың соңында қайтыс болды. Жергілікті салт-дәстүрге сай, жерлеу рәсімінде адамдар мәйітті қолымен сипап шығарып салады екен. Міне, вирустың лезде таралуына осы жайт әсер еткен. Ал негізінде ғалымдар Эбола вирусы жануарлардан жұқты деп есептейді. Оны жарқанаттар, маймылдар, шошқалар таратады. 2-жасар бүлдіршін жарқанаттармен жиі ойнайтындықтан қауіпті вирусты жұқтырды деген болжам бар. Қысқа мерзім ішінде қатерлі вирустың салдарынан сол отбасының барлық дерлік мүшелері де көз жұмды.