Атипті пневмония ауруын таратқан кім?

Oinet.kz 10-12-2019 1262

Адамзат тарихында мыңдаған адамның өмірін жалмаған неше-түрлі эпидемиялардың орын алғаны белгілі. Алайда, кез-келген ауруға алғаш болып шалыққан жандар  бірінші болып ауырған жанның болуы заңды. Оларды «нөлдік пациент» деп те атайды. Сонымен...

Screenshot_20.jpg

Атипті пневмония

Ауыр өткір респираторлық синдром (SARS), немесе атипті пневмония тұңғыш рет Қытайда тіркелген. Бұл аурудың алғашқы құрбаны Гуандун провинциясының шаруасы болып есептеледі, ал «нөлдік пациент» ретінде және бір аспазшы, қытайлық Хуан Синчу  аталады. Ол әлі күнге дейін тірі. Ғалымдардың пікірінше, Синчу  қатерлі инфекцияны циветта атты жыртқыштың етін жегеннен жұқтырған деп есептейді. Хуанның өзі мұны жоққа шығарады. Ағзасындағы вирустың салдарынан Хуан Синчу бүкіл ағайындары мен достарынан қол үзді. Қазіргі таңда қатерлі дерттен емделіп шыққанымен, әлі де көпшілікпен араласуға қорқады. «Әлем жұртшылығы мені ұмытуы үшін барымды салдым», дейді Хуан.   Қалай болғанда да, ауа арқылы тарайтын атипті пневмония 29 елде анықталып, одан 800-ге жуық адам көз жұмды.   

ЖИТС-ті (СПИД) таратқан адам
Эбола вирусы қалай пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу