Путин шын мәнінде кім? Путинге 70 жыл
07-10-2022
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықпен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді.
Қасым-Жомарт есімін әкесі қойған. Ардагер Тоқаев Кемел отбасында екі ұл және жалғыз қарындасы болған. Ағасы Қасым атасының қолында тәрбиеленген. Бауырының аты өшпесін деген ниетпен Қасым-Жомарт есімін береді. Анасы көзі тірісінде Жомарт деп ғана атаған.
- 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы облысында Қаратал ауданы, Қалпе ауылында туған;
- Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан шыққан;
- Жылы жылан, жұлдызы торпақ;
- Әкесі Тоқаев Кемел (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған.
- Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.
- 1975 жылы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжін Тіл институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдік өкілдіктерде қызмет істеген.
- 1984 жылдан КСРО Сыртқы істер министірлігінің орталық аппаратында, Сингапур республикасындағы КСРО елшілігінде, КСРО-ның Қытайдағы елшілігінде қызмет етті.
- 1991 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы болды.
- 1992 жылы наурызда — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары, Министрдің бірінші орынбасары.
- 1994 жылы қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі. 1999 жылы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер Министрі.
- 1999 жылы қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
- 2002 жылы қаңтар - 2003 ж. маусым аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы — Сыртқы істер Министрі.
- 2003 жылы маусымнан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2007 жылы қаңтар айынан - Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша Парламент Сенаттың депутаты.
- 2007 жылы қаңтардың 11 Парламент Сенаттың төрағасы болып сайланды.
- 2011 жылы наурыздың 12-сінде БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, әрі Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры болып тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры ретінде Азияның алғашқы өкілі болып табылады.
Марапаттары:
- Отан ордені (2014) Орден «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2004);
- Парасат ордені (1996) Астана медалі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
- (Ресей Федерациясы, 2017 жылғы 1 наурыз) — Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан мол үлесі үшін Достық ордені (Ресей Федерациясы, 2004 жылғы 12 желтоқсан);
- Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан мол үлесі үшін ІІІ дәрежелі Ярослав Мудрый князь ордені (Украина, 2008);
- «Достастық» ордені (ТМД ПАА, 2007) 1 санатты Серб туы ордені (2016);
- "Қоғамдық бедел" құрметті алмаз ордені (РФ);
- «Федерация кеңесі. 20 жыл» мемрейтойлық медалі;
- «Достық ағашы» медалі (ТМД ПАА, 2003);
- ТМД Грамотасы «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018).