Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Елімізде жаңа жыл мерекесі баяғыдай дүркіретіп, салютпен тойланбай келеді. Алайда, дастархан жаю дәстүр. Жаңа жылдың символы ретінде дастарханда міндетті түрде шампан, мандарин және торт тұрады. Осы уақытқа дейін мандариндер Ресей мен бұрынғы КСРО-ның құрамында болған елдерде жаңа жылдың символы болып келеді. Жалпы неге дәл мандарин? Неге басқа жеміс емес? Бұл туралы OINET.KZ сайтының тілшісі тарқатып жазады.
Ресейде арнайы мамандар «Жаңа жылды білдіретін 10 нәрсе» тақырыбында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде мандарин көш бастап тұрған. Ерекше иіс, цитрустық дәм жаңа жылдық көңіл-күйді көтереді екен.
1000 жыл бұрын мандарин Қытайда байлық пен бақуаттылықтың символы болған екен. Қытайлықтар қонаққа барар болса, міндетті түрде құрметтің белгісінде мандарин апаратын болған. Және үй иесі де мандарин әкелген қонаққа неше түрлі жеміс-жидектерді сыйлап қайтарады екен. Аталмыш мемлекетте бай адамдарды «мандарин» деп атаған.
КСРО кезінде мандариндер алғаш рет 1963 жылы әкелді. Сол кезде Ленинградқа құрғақ жемістермен бірге жәшік-жәшік мандариндер де келген. Сол жылы КСРО-ның барлық азаматтарына 3 адамға бір шампан шөлмектерімен қамтамасыз ету туралы бұйрық шықты. Ал мандариндер қараша айында пісетіндіктен, бұл цитрус жаңа жылдық мерекеге сәйкес келіп қалған. Апельсиндер болса, бірнеше аптадан кейін сатылымда пайда болды. КСРО тарқамай тұрған кезде мандарин сол қыстың кезінде, нақтырағы желтоқсанда қаптап кеткен екен. Жаңа жылдың алдында адамдар мандаринді үйіп-төгіп ала берген.
Кейінгі жылдары да адамдар жаңа жылға азық-түліктерді алдын-ала сатып алып қоятын болған. Мерекеге бір-екі күн қалғанда керек нәрселерді таппай қалатын болған. Себебі, тез таусылып қала берген. Тек мандарин ғана барлық супермаркеттерде, базарларда толып тұратын болған.
Сонау кезден бастап мандарин жаңа жылдың символы болып қалған. Бүгінде мандаринсіз жаңа жылдық дастарханды елестету мүмкін емес.
Қазіргі таңда мандарин жемісін өсіріп, сатумен Испания, Бразилия, Жапония, Корея, Пәкістан, Египет, Түркия, Таиланд, Абхазия, Әзербайжан и Грузия мемлекеттері айналысады.
Мандарин тек дәмді жеміс қана емес, пайдасы да мол. Оның құрамының 85 пайызы судан тұрады, ал қалғаны дәрумендер мен минералдан. Оның құрамында С витамині бар. Сондай-ақ қыс ауасында мандарин суық тиюден, жүйке жүйесіндегі қандай да бір мәселелерден құтқарады.