Саусағына қарап қандай адам екенін білуге болады

Oinet.kz 04-12-2019

Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі.

Үшкір саусақ – Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ иелері іскер, қызуқанды, әсершіл, шешімтал болып келеді. Сондай-ақ мамандар үшкір саусақтыларды не нәрсеге де шыдамсыз, тұрақсыз, құбылмалы, жұрттың айтқанына ергіш, сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек,қатігез болуы да ықтимал екенін ескертеді.

Screenshot_24.jpg

Төртбұрыш саусақ – Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті, жинақы, табанды, ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға, адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті, ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді, өзі түсініп, ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойлау қабілеті де, іс-әрекеті де тек нақтылыққа, материалдық негізге табан тірейді. Мұнысы оның адымын аштырмай, күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына алданып өмір сүруіне әсер етеді.

Доғал саусақ – бітімі қайратты, жігерлі, дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу адамдарға тән. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды, үнемі дерлік өзім білемін, өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің, мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады.

Салалы саусақ – қандай қиын болса да шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті кісілерде кездеседі. Бауырмал, жақын-жуықтарына, дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен, тығырыққа тірелген кездері тым ұсақталып, өзіне лайықсыз әрекеттерге бару, жоқтан өзгені қазбалап, жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия.

Сұқ саусақ – ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса, онда ондай адамның әміршіл болу, даңққа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары. «Наполеон сияқты көптеген даңқты қолбасшылардың, соңынан ел ерген азаматтардың саусақ бітімі осының дәлелі»,-дейді мамандар.

Лотореядан 758 млн 700 мың доллар ұтқан медбике
Тоқаев туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу