Мәңгілік махаббат

Oinet.kz 07-11-2019 1201

image.png

Жылдар бойы қол ұстасып, ғашық боп жүре беретін талай жұпты көз көрді. Біздің махаббат – ең ғажап махаббат дейтіндер... Солар сол есеймеген шақта қап кетеді екен. Себебі, алғашқы тіршілік тауқыметін сезінгенде сол бір ғажап махаббаттан дым қалмайды. Бір-бірін көрмесе тұра алмайтын шын ғашықтар бір ауыз сөзден-ақ айырылысып жатады. Күнделікті өмір күйбеңіне мұндай нәзік сезім шақ келмейтіні обал енді...

Ал кей жұп бір көзқарастан, бір ауыз сөзден үй болып кетіп жатты... Гүл сыйламай-ақ, кәмпит тасымай-ақ... Әлеуметтік желіні «сүйем» деумен шулатпастан тағдырларын қосып жатады. Кез келген ауа райына төтеп беріп, бір боламыз деген тілекпен бас қосады. Бар тауқыметті екеуге тең бөліп, қай кезде де бір-бірін қорғауды ұмытпайтынына риза боласың.

Сондықтан үй болу үшін адамды ұзақ уақыт тану, білу шарт емес. Бастысы таңдаған адамыңа мінезің сай келсе болғаны. Мәселе, оны өмір бойы танып өткің келетін ынтызарлығыңда шығар...

Махаббат қолыма қонды, бітті енді ешқайда ұшып кетпейді деген сенім нық болған сәтте махаббат ұшып кете салады.

Сүйген адам ешқашан тыным таппасын.

Күн сайын жүрекке жылы тиер сөз бен әрекетті үдете бер! Бір-біріңді жылытуды, қуантуды ұмытпаңдар!

Лиля Град

Аударған Шынар Әбілда

​Қыздың жасауына қандай заттарды қосуға болмайды?
Жақсы өмірге жетелейтін саналы ереже
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу