«Чандраян-2» планетааралық стансасы туралы қызықты деректер
Үндістан премьер- министрі Нарендра Модидің көңіл- күйі түсіп кеткен сәті
Себебі, кеше оның көз алдында 145 миллион долларға жасалған "Чандраян -2" планетааралық стансасы айға қону сәтінде жанып кетті. Осылай, он жыл бойы дайындалған ғарыштық бағдарлама еш кетті.
"Чандраян - 2" аппараты Ай бетіне қонуға арналған еді. Үндістан осы жоба арқылы ғарышқа өз құрылғысын қондырған төртінші держава болғысы келген болатын. Планетааралық станса ішінде айдағы мұз күйінде кездесетін судың бар немесе жоқтығын зерттеуге арналған лунаход та салынған.
Стансаның қону сәтін үлкен экран арқылы тамашалаған Үнді елінің басшылары мен ғарыш мамандары айға қонуға небары 2 шақырым немесе 15 минут қалғанда істен шыққан "Чандраян- 2" аппаратына нақты не болғанын білмейді. Бұл станса шілде айында көкке көтеріліп, 1,5 айдан кейін Ай бетіне жақындаған болатын...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан