Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
2006 жылы "SOHO" ғарыштық зонды күнді барынша жақын жерден түсіріп үлгерді. Сөйтіп, адам жасаған аппарат алғаш рет Меркурий планетасынан асып барып, күнге ең жақын нүктеге дейін жете алды. Есеп бойынша ол жерден 75 миллион шақырым алыстаған болатын. "NASA" жариялаған мына суретті де сол құрылғы түсірген.
Күн бұл "Құс жолы" галактикасының ірі жылдыздарының бірі. Ал, ол біздің Күн жүйесінің жалғыз жұлдызы. Күнді сегіз планета, кометалар, астеройдтар мен шаң тозаңдар тоқтаусыз айналып жүр. Оның ішінде біз өмір сүріп жатқан жер де бар. Жер күнді секундына 30 шақырым жылдамдықпен айналып барады. Әр планетаның күнді айналу жолы да бар.
Алайда, Күн де бір жерде тұрған жоқ. Ол да "Құс жолы" галактикасын айналады. Күннің галактиканы айналуы секундына 217 шақырым жылдамдықпен жүреді. Астрофизиктер күн пайда болған 5 миллиард жыл ішінде "Құс жолын" 40 рет айналып үлгерді деп отыр. Яғни, Күннің "Құс жолы" галактикасын түгелімен айналып шығу уақыты 250 миллион жыл екен. Сонымен қатар, "Құс жолын" тек Күн ғана емес, басқа да миллиондаған ірі жұлдыздар айналады.
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан