Құрғап кеткен Арал теңізінің орнына не салынады?

Oinet.kz 06-11-2019 2750

Арал теңізі.jpg

Арал теңізін құтқару енді мүмкін емес. Бұл Каспий, Ұлы Көлдер мен Виктория көлінен кейін әлемде төртінші орында болған. Алайда, алдағы онжылдықта ол жер бетінен түгел жоқ болады. Сөйтіп, болашақ ұрпақ бір кездері Еуразия құрылығының қақ ортасында ұзындығы 428 шақырым, ені 284 километр, теңіз теңгейінен 52 метр биік көл болған екен деп айтып жүреді. Арал теңізін құтқару бойынша түрлі жобалар мен бағдарламалар ұсынылды. Алайда, ол жүзеге аспады.Тым қымбат болды. Бұл 20- ғасырда адам қолымен жер бетінен жоғалатын ең ірі су айдыны болмақ. Арал теңізі 1960 жылдардан кейін тартыла бастады.

Аралдың тартылуына түрлі себептер бар. Басты проблема Өзбекстан мен Қазақстанда күріш пен мақта алқаптарының көбейуі. Ғасырлар бойы Аралға құйып келген Сырдария мен Әмударияға бөгеттердің есепсіз салынуы. Бір ғана Өзбекстан жағы Әмударияға 24 су тоғанын салған деген дерек бар.

Теңіздің тартылуына сол маңнан салынған Байқоңыр ғарыш айлағының да себебі болуы мүмкін. Бір кездері құпия болып келген Барсакелмес пен Возрождение аралдары қазір аралдан түбекке айналды.

Ендігі кезекте Арал теңізінің орынын не істеуге болады. Ғалымдар осыған бас қатыруда. Себебі, желді шаңнан көтерілген тұз адам денсаулығына қауіпті. Өзбекстан үкіметі ұсынған жобада Арал орынына орман отырғызу жоспары бар. 2030 жылға дейін Арал жағажайына 1 млн. гектарға дейін ағаш отырғызылуы мүмкін. Бұл аймақтың экожүйесін қорғауға көмектеседі. Олай болмаған жағдайда теңіз орыны айналасына үлкен қауіп төндіруі мүмкін...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

1 шаршы метріне 9 жыланнан келетін арал
3 апта бойы күн батпайтын қала
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу