3 апта бойы күн батпайтын қала

Oinet.kz 06-11-2019 1590

Норвегия.jpg

Норвегияның Нуланд қаласы. Бұл елдің солтүстік полюске ең жақын нүктелерінің бірі. Бұл қалада 12 маусымнан 3 шілдеге дейін 3 апта бойы күн өз ұясына кіре алмай жүріп алады. Мына сурет шамамен түнгі сағат 1 де түсірілген. Алайда, аспан ашық, дала жарық болып тұр. Түн бойы осылай бозарып тұратын аспаннан жерде жүрген көліктер жарығын жақпай-ақ жүре берсе болады екен. Ендеше, күннің біресе батып, біресе батпай жүріп алуы неге байланысты.

Ол полярлық елдерде ақ түндер маусымы деп аталады. Тіпті, ақ түнді көруге Скандинавия елдеріне жыл сайын миллиондаған туристер барады екен. Күннің батпай батыста жүріп алуы жердің дәл осы кезеңде сәл еңкейіп айналуына байланысты. Солтүстік полюс жердің бастауы болғандықтан ол жерде барлық меридиандар тоғысады. Ал, жер еңкейіп айналатындықтан күн де батпайтындай болып көрінеді. Негізі, күн бір жерде тұр. Оны әр түрлі білікте айналып жүрген біздің жер анамыз ғой...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Құрғап кеткен Арал теңізінің орнына не салынады?
«Терминатор сызығы» - Қараңғы мен жарықтың жерге түсетін шекарасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу